5.10.2016, 11:30
Оқылды: 21

Қазыналы қарты мен ұлағатты ұстазы бар елміз

%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%8b-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d2%b1%d0%bb%d0%b0%d2%93%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b-%d2%b1%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b7%d1%8b-%d0%b1%d0%b0 Теректіліктер қазан айымен қатарласа жететін қос мереке-қарттар күні мен ұстаздар күнін жоғары деңгейде атап өтті.

Алдымен аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан басшысы М.Мұқаев мектеп, балабақша, саз мектептерінің директорларымен кездесіп, өткен оқу жылын қорытындылады. Аудандағы білім беру бөлімінің басшысы Д.Сапаров былтырғы оқу жылындағы жетістіктер мен кеткен кемшіліктерді жіпке тізіп, алдағы жоспарларды да ұмыт қалдырмады.



Жиыннан кейінгі Мәдениет үйінде оздырылған мерекелік шараға аудан әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

-Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық таныту- ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың данагөй саясатының басым бағыттарының бірі. Қазыналы қарттарымыз қиындықтарға қарамастан адамгершілік қағидалары мен рух беріктігін сақтап, осындай құндылықтардың салтанат құратынына деген сенімді жастарға аманаттадыңыздар. Сіздердің бойларыңыздағы сарқылмас күш пен еңбекке деген махаббат бізге үлгі. Әрқашан сіздердің жандарыңызда өздеріңізді шынайы сүйе білетін, шексіз қамқорлық жасай білетін балаларыңыз бен немерелеріңіз болсын. Қазақ айтпақшы, өмірлеріңіздің күзі алтын болғай! Дәл осы сәтті пайдаланып ауданымыздың барлық мұғалімдерін мерекемен құттықтап өтсем деймін. Жас ұрпақтың санасына білім нәрін себетін ұлағатты жандардың еңбегі өлшеусіз. Кез-келген адам ұстаздың алдынан өтіп, сіздер берген тәрбиенің арқасында үлкен өмірге қадам басады. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтасын. Мереке құтты болсын,-деді аудан әкімі Мұрат Рахметұлы.
Содан соң ауданның білім саласында талмай еңбек етіп, 15 жылдан астам мектеп директорлары болған ардагер-ұстаздар аудан әкімінің атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында, Ш.Тәжібайұлы, Е.Қарагойшин, С.Адиев, А.Майранова, А.Потапова, Л.Полосина, Л.Турчина, З.Ишмухамбетова секілді білім беру саласының үздіктері болды. Осы кеште аудан басшысының Алғыс хаттарын Богданов селолық округіне қарасты «Родина» шаруа қожалығының механигі М.Анцибор, Покатилов селолық округінен аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Е.Бекетов, Шағатай селолық округінен И.Туралиев және Шаған селолық округінен еңбек ардагері К.Қаратаева да иеленді. Сонымен қатар ауданымыздың көркеюіне елеулі үлес қосқан, бүгінгі таңда 80 жастың сеңгіріне шыққан Сәрсенғалиев Бақытжан ақсақалға құрмет көрсетіліп, Алғыс хат пен гүл шоғы табысталды.
Марапаттау легі аяқталысымен аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары дайындаған концерт қос мерекенің шырайын келтіргендей еді. Ауданымыздың мақтаныштарына айналған таланттар өте сапалы әндерді ұсынып, жиылған жұртышлықтың құлақ құрышын қандырды. Әсіресе, ана тақырыбындағы әндерден попурри орындаған триоға(құрамында Д.Жұмағалиев, Қ.Сагидуллин және А.Дәулетқалиев), ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыздың жастық шағын бір мезет еске түсірген «Родительский дом» әні, оны нақышына келтіріп орындаған Ж.Жүгінісовтың шеберлігіне, жаңартылған құрамда аудан тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлаған «Теректиночка» халықтық вокалдық ансамбліне көрсетілген қошемет тіптен бөлек болды.
Шараның нүктесі ардагерлер мен ұстаздарға арналған мерекелік дастарханмен қойылды. Дастархан басында қазынаға айналған қарттарымыз тәрбиелік мәні зор әңгіме өрбітіп, еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілесті.

Әділет Орынбасаров

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале