9.08.2016, 10:17
Оқылды: 25

«ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАҺАРМАН АРДАГЕРЛЕР»

хор8 тамыз күні Қазталов мәдениет үйінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты фестивалі аясында ардагерлер шығармашылығын насихаттау мақсатында Қазталов ауылдық округінің өнерлі ардагерлері тамаша концерттік бағдарлама ұсынды.


Концертте сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев:- бұл фестиваль Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесінде бастау алған, міне, бүгін Қазталов ауылында өткізіліп отыр. Фестивальдің басты мақсаты – ардагерлерімізді қоғамдық ортаға тартып, қоғам өміріне белсенді қатыстыру болатын. Осындай тамаша концерт ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салып жүрген барша ардагерлерімізге алғыс айтамын!- деген ризашылығын жеткізді.
Концерттік бағдарламада ардагерлерден құрылған хор жерлес ақын, композиторлардың «Ауданым әнім», «Бауырым, жүрегімсің Қазталовка», «Қазталов вальсі» сияқты танымал әндерін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.қаһарман
Сондай-ақ концертте тамылжыта ән салған «Гүлдерайым» әжелер ансамблі, «Аққу» биін мың бұрала билеген Күләш Хасанова, әуезді әндерімен баураған Гүлімай Базартаева, Зәуреш Базарғалиева, Сандуғаш Бекқожина, Айтмағамбетовтар жанұясы, күйші Қадыртай Балғынов сынды ардагерлер киелі сахнаның сәні болды. Сонымен қатар концерттің ұйымдастырушысы Нурия Хабибуллинаның еңбегін атап айтуға болады.
Концерт соңында сахнаға көтеріліп, сөз алған Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты.

Қайрат Жақып

 Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале