25.04.2016, 11:04
Оқылды: 25

Қайынсіңлім –сырласым

Shingirlua  kayin sinlim sirlasim      Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық мәдениет үйінде «Қайынсіңілім сырласым» атты ұлттық нақышқа толы әдемі сайыс өткізілді. Бұл сайысқа мектеп, ауылдық кітапхана, әкімшілік, ауылдық амбулатория қызметкерлері қатысты. Жеңгелер қайынсіңлілерімен шығып, ортаға өз өнерлерін көрсетті.


     Шараға мектептен Сымбат Серікқызы қайынсіңілісі Сатыбалдымен, кітапханашы Айнұр Әлімгерейқызы қайынсіңілісі Аяулыммен, әкімшілік қызметкері Ляззат Бағдатқызы қайынсіңілісі Ділназбен және ауылдық амбулатория медбикесі Жадыра Қанатқызы қайынсіңілісі Самалмен қатысты. Жеңгелер қайынсіңлілерімен әр түрі киім үлгілерін, ұлттық  тағамдар әзірлеп,өз өнерлерін көрсетіп, салт-дәстүрге қатысты білімдерін паш етті.  7 кезеңнен тұрған бұл сайыста әділқазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды мектеп пен ауылдық амбулатория қызметкерлері өзара бөліссе, екінші орынды әкімшілік, ал үшінші орынды кітапхана ұжымы иеленді.

www.zhaikpress.kz

Г.Бекениязова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале