27.08.2015, 17:39
Оқылды: 52

Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің

Zelenov mangi birge ekspediciasi  Адам өміріндегі ең игі қасиеттердің бірі – мұқтаж жандарға көмек жасау. Осы мақсатта республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы да жылма-жыл жалғасын табуда. Бүгін аудан орталығындағы  Қ.Аманжолов мектебінде акция аясында мектептің көп балалы, аз қамтылған, патранатқа, қорғаншылыққа алынған отбасы балаларына оқу-құралдары табысталды. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 60 оқушыға 105530,2 теңгеге көмек берілсе, Орал қаласының «Давлетчаров» ЖК 27,900 теңге, ауданымыздың жеке кәсіпкері Жансәуле Нұрғалиева 25 мың теңге, мектеп директоры Роза Тасанова 10 мың теңге, мектеп ұстаздары 15 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Барлық балалардың көңілі толып, ата-аналары ризашылық білдіруде.

www.zhaikpress.kz

Динара Тілекқызы

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале