6.12.2015, 16:35
Оқылды: 38

«Қайырымдылық - жылы жүректен»

Kayirimdilik sharasi 01   Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық - жылы жүректен» атты концерт өтті.

Қайырымдылық концертінің ерекшелігі - мүмкіндігі шектеулі жастардың өнерлерін көпшілікке паш ету болды.

Шарада облыстық жастар саясаты мәлелелері басқармасының басшысы Азамат Айтуев құттықтау сөз сөйлеп, қайырымдылық айлығы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты қарияларға көмек көрсеткен мекемелер, жастар ұйымдары және еріктілерді марапаттады.


 

Шараны «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азат Сейтимов және Орал студенттер Альянсының көшбасшысы Арман Ізімғалиев қорытындылады. Азат Ғалымұлы Махамбет атындағы БҚМУ студенті, екінші топ мүгедегі Бегімай Хайнуллаеваға Индияның «Фортис Мемориал Ресерч Институт» клиникасында емделу үшін көптің қолдауы қажет екенін айтып, Бегімайдың анасына БҚО жастар қоғамдық бірлестіктері атынан көмек қаржы табыстады.

- Жаным қысылып келгенде жылы қабақ танытып, қаржылай көмек ұйымдастырған облыс жастарына айтар алғысым шексіз, өмірлеріңіз гүлдей жайнасын! - деді толқи сөйлеген ана.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале