30.12.2015, 17:39
Оқылды: 41

Қайырымдылық шыршасы өтті

 Zelenov jana jil02  Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігі, қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімше қызметкерлері бірлесіп мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық шыршасын өткізді.


Балалар Аяз ата мен Ақшақар және өзге де жаңа жылдық ертегі кейіпкерлерін ата — аналарымен бірге келіп қызықтады. Шырша мерекесіне қатысқан барлық балаларды Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин Мешін жылымен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Құттықтаудан кейін сан алуан кейіпте киінген балалар мен жасөспірімдер қол ұстасып, жасыл шыршаны айналып ән шырқады, түрлі ойындар ойнады. Әсіресе Аяз ата мен Ақшақар қамкөңлі жандардың жүрегіне жылылық сыйлап, көңілдерін серпілткен тамаша кештің ажарын аша түсті.

Балғындарға мерекелік шараларды жоғары деңгейде өткізуге аудандық мүгедектер қорының төрағасы Альберт Нығметов, жеке кәсіпкерлер Жұмабике Мангурова, Ахметқали Қарағойшин, Талғат Әбуов, Бауыржан Рысқалиев, Әлібек Әмірғалиев, Гүлбану Шукаева, Бөгенбай Қауметов, Нұрия Ихсанова, Дулат Ихсанов, Манар Масалиева, Қымбат Құрманова, Альбина Сарсенғалиева, Айнұр Мутиғоллина демеушілік танытып, үлкен қолдау болғанын айта кеткен жөн. Осы шарада 30 балалар мен жасөспірімдерге Жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале