18.02.2016, 13:03
Оқылды: 21

Қалалық телефон қолданыстан қалып барады

telefonҚазіргі таңда ұялы телефон байланысын жиі қолданатындықтан, тұрғындардың көпшілігі қалалық телефоннан бас тартып жатыр. Осы туралы не айтасыз? Бұл сауалға ОКҚ өңірлік филиалында өткен брифинг барысында «Қазақтелеком» АҚ БҚО филиалының бас директоры Болатбек ҚАНАФИН жауап берді.

- Иә, қалалық телефоннан бас тартушылар қатарының артып келе жатқаны рас. Біз үшін өзекті болып табылатын бұл мәселемен айналысып отырған арнайы бөлім бар, - деді Болатбек Өтегенұлы. - Тұтынушыларға біз телефон номерін ғана емес, ғаламтор, теледидар, ұялы телефон номерін қамтитын қызметтер пакетін қоса ұсынып отырмыз. Яғни бұдан біздің тұтынушымыз тек ұтпаса, ұтылмайды.

Әрине, қалалық телефонды пайдалану-пайдаланбау жағын әркім өзі шешеді. Дегенмен оны негізінен жасы ұлғайған жандар жиі тұтынатынын жоққа шығармауымыз қажет.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале