16.06.2016, 11:41
Оқылды: 22

Қаламгер кітабының тұсаукесері 

kalamger kitabynyn tusaukeseriАқсайда журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қуанышқали Ғұсмановтың «Өткен күнде белгі бар» атты кітабының тұсаукесері өтті. 


Бөрлі жерінде туып-өскен билердің, батырлардың, тарихи тұлғалардың, өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтардың тағылымды өмірі бұл туындыда баян етіледі. Кітап «Жадымдағы жаңғырық», «Тұлғалар», «Билер», «Майдангерлер» және «Қимастар мен сыйластар» деген бөлімдерден тұрады.

Қаламгер кітабының тұсаукесеріне ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков арнайы келіп, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар журналист ағаның замандастары аудандық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары С.Мырзағалиев пен М.Бокаев, сыныптасы Ә.Шәкенова, өзге де қонақтар өткен күннен естеліктер айтып, тілектерін білдірді. Ал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, бірге жұмыстас болған Д.Нұрашева да лебізін білдіріп, сыйлығын ұсынып, қаламгердің қаламы мұқалмай, жазары әлі де көп болуын тіледі. Салтанатты шараға журналист ағаның немерелері Аида және Найля Ғұсмановалар қатысып, өлеңдер оқыды.

www.zhaikpress.kz
Ясипа РАБАЕВА
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале