27.07.2016, 21:34
Оқылды: 32

Қалаға жаңа логотип керек!

    28400cc7ff5c365f5bc1546d908cfd4fОрал қаласы әкімдігі күз айында өткізілетін Қала күні қарсаңында Орал қаласының үздік логотипына конкурс жариялайды.


Бұл жөнінде Орал қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумов сейсенбі күні өткен жиында мәлімдеді.

Оның сөзінше, жаңа логотип біріншіден, қаланың бірегейлігін сезіну үшін, екіншіден, оның танымалдылығын арттыру үшін қажет. Логотип дайындау кезінде алдымен оның әр түрлі тасымалдаушыларда қолдану мүмкіндігі қарастырылуы қажет. Ол жастардың үстіне киіп жүретін кеудеше немесе басқа да жиі қолданылатын сыйлықтар болуы мүмкін.

Конкурсқа шығармашылық шеберлер, жарнамалық агенттіктер мен фирмалар, суретшілер, дизайнерлер, архитекторлар, жобалық мекемелер, әр түрлі мамандық иелерін, сонымен қатар шығарамшылық ЖОО студенттерін, кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушыларын және басқалары қатыса алады. Орал қаласының үздік логотип авторы конкурсының жеңімпазы бағалы сыйлықпен марапатталатын болады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер бүгіннен басталып, 15 тамызға дейін жалғаспақ. Өтінімді Орал қаласы әкімдігі ғимаратында (Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй) орналасқан №38 бөлмеге әкеліп, тапсыруға болады. Өтінім Орал қаласы әкімдігіне электронды және қағаз нұсқада авторының көрсетілуімен және логотиптің сипаттамасымен тапсырылуы қажет.

Айша ӨТЕБӘЛІ
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале