5.09.2015, 11:34
Оқылды: 38

Қала күніне арналған велошеру өтті

11223790_699062853526673_4822005976346521806_n

"Қала күні" мерекесіне орайластырылған жалпы бұқаралық велошеру өтті.

Шеруге облыс және қала басшылығы, спортшылар мен спорт ардагерлері, студенттер мен еріктілер қатысты. Велошерудің көшін облыс әкімі Н.Ноғаев және ҚР Альпинистер құрамасының капитаны Мақсот Жұмаев бастаған еді.  Қатысушылар белгіленген межені теннис орталығынан бастап, С.Датов даңғылы, Гагарин көшесі, Еуразия даңғылдары арқылы Абай алаңына дейін жүріп өтті.

Шара соңында белсенді қатысушылар облыс әкімі атынан арнайы номинациялармен марапатталды. Айталық, "Велошеру ақсақалы" болып 65 жастағы Мұрат Әлбжанов танылса, "Ең жас велошеру қатысушысы" Арман Мәліков марапатталды. Сондай-ақ, "Велошерудің нәзік жанды қатысушысы", "Ерекше велосипеді үшін" номинациялар да өз иелеріне табысталды.

Шеруден кейін Абай алаңында "Денсаулық фестивалі" оздырылды.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале