10.09.2016, 10:47
Оқылды: 37

Қала күніне арналған велошеру (ФОТО)

fb_img_1473483446240

Биылғы жылғы қала мерекесін тойлау бүгін жалпы халықтық вело шеруге жалғасты. Күздің қоңыр салқын таңына қарамастан теннис орталығына жиналған халықтың қарасы көп. Жиналғандар арасында жастармен қатар салауатты өмір салтын ұстанған зейнет жасындағы жандарда аз емес. Велошеруге қатысушылардың көңіл күйлері көтеріңкі. Жарысқа қатысушылардың арасында Рио олимпиадасының чемпиондары Данияр Елеусинов, Екатирина Ларионовалар да бар.


Вело шеру жергілікті уақытпен 8.30 да теннис орталығынан қозғалды.

Теннис орталығынан басталған велошеруге қатысушылар П.Атоян атындағы стадионға таб­ан тіреді.

Рио Олимпиадасына қатысқан спортшылармен бірге сахнаға көтерілген облыс­ əкімнің орынбасары Бағдат Азбаев сөз сө­йлеп, Тəуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қала ­күніне арналған спорттық шараның маңызы з­ор екенін атап өтті.

fb_img_1473483500548Кейін Олимпиада жеңі­мпазы Данияр Елеусінов пен оның əкесі əрі­ бапкері Марат Елеусінов сөз алып, Орал ш­аһарының көркейіп, өркендей беруіне, таны­мал спортшылар көптеп шыға беруіне тілектестік танытты.

screenshot_2016-09-10-11-25-23-1Одан əрмен ХХХІ жазғы Олим­пиадасының жүлдегерлері мен қатысушылары ­ұтыс ойынына тігілген сыйлықтарды үлестірді. Тіркеу нөмірі бойынша велошабандоздар­дың бірқатары бір жылға фитнес-клубқа тег­ін жолдама, Дəурен Елеусіновтің қолтаңбас­ы қойылған бокс қолғаптары мен велосипедт­ерге ие болды. fb_img_1473485174395Салтанатты шарада жергілік­ті ақын Зəкəрия Сисенғалиевтің сөзіне жаз­ылған Асқар Кенжеғалиевтің "Данияр" əнін жас əнші Айбар Қайырханов шырқады.

Нұрбек Оразаев

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале