8.09.2016, 16:00
Оқылды: 27

«Қала күні» мерекесіндегі көлік қозғалысы

O__CMYK_24-1.indd

«Қала күні» тойлануына байланысты үстіміздегі жылдың 8-9 қыркүйек күндері қала бойынша көлік қозғалысында төмендегідей өзгерістер болады:


 8 қыркүйек күні сағат 14-00-ден бастап,  9 қыркүйек сағат 18-00-ге дейін Достық даңғылы Карев көшесінен бастап Сарайшық көшесіне дейінгі көлік қозғалысы тоқтатылады.

9 қыркүйек күні кешкі сағат 19-00-де Атоян атындағы стадионда Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті басталуына орай көлік қозғалысын ұйымдастыру қо-сымша жарияланып отырған схема бойынша жүретін болады.

Осыған орай спорттық және спорттық-көпшілік, мәдени-көпшілік шараларда тәртіп сақтау ережелерін естен шығармауды еске саламыз.

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңына сәйкес жеке тұлғалардың мәдени шаралар өткізілетін орындарға, көпшілік жиналған жерлерге алкогольді ішімдіктерді, шыны, темір  ыдыстардағы сусындар мен өнімдерді, пиротехникалық және басқа да бұйымдарды, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, зардап шектіретін, қауіп келтіретін заттарды әкелуге, кез келген заттарды сахнаға, аренаға, сондай-ақ  көрермендер тұрған орындарға лақтыруға, өз бетімен бөгесіндер мен қоршаулардан, турникеттерден әрі қарай шығуға болмайтындығын көпшіліктің қаперіне саламыз.

Жоғарыда айтылған ережелерді орындамаған жағдайда қоғамдық тәртіпті бұзушылар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша жауапқа тартылып, 42420 теңгеден 84840 теңгеге дейін айыппұл салынады.

БҚО ІІД-ның жергілікті полиция қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале