17.05.2016, 10:15
Оқылды: 25

Қалиевтер жеңісі

Zelenov kalievter jenisi     Орал қаласында «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы» облыстық байқауы өтті. Отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту, сондай-ақ жас ұрпақтың оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесін жандандыруға ата-аналарды тарту мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын биылғы байқау екі кезеңнен тұрды.


     Осыдан бірнеше ай бұрын оздырылған І кезеңге өңірімізден 70 отбасы қатысуға ниет білдіріпті. Олардың тек 6-уы ғана ІІ кезеңге өткен. Бұл алтылыққа зеленовтық Қалиевтер отбасы да енді. Осымен бесінші рет өткізіліп келе жатырған байқау «Таныстыру», «Сүйікті кітаптар көрмесі» және «Ертегіден көрініс қою» сияқты үш кезеңнен тұрды. Әр кезеңде өздерін жақсы қырынан таныта білген Қалиевтер байқаудың жүлделі екінші орынын иеленді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале