2.06.2016, 16:46
Оқылды: 25

ҚАЛЫС ҚАЛМА, БІЗДІ ҚОЛДА!

Kazakstan Oral    «Қазақстан» РТРК» АҚ алдағы келе жатқан Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай үздік тележүргізушілер арасында байқау жариялаған болатын.

  Алғашқы кезең 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында өтті. Онда облыстық телеарналар эфиріндегі бағдарламалар мен жаңалықтар жүргізушілері арасында сайт арқылы дауыс беру ұйымдастырылды.



Нәтижесінде әр аймақтан көрермендер мен интернет қолданушылардың ең көп қолдауына ие болған екі журналист байқаудың екінші, яғни, республикалық кезеңінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
Бұл сайыста жергілікті "Қазақстан Орал" телеарнасының жүргізушілері Лаура Бекболатова мен Гүлден Сапиолла да бар.

   Дауыс беру үшін, сілтемені басып, одан әрі қарай шығатын "фейсбук", "твитер", "ВК" эмблемаларының бірін басасыз да, бірнеше секундтан кейін қайта шығып кетесіз. Дауысты мына сілтеме арқылы беруге болады:http://oraltv.kz/kz/news/portal/dauys-beru — Лаура Бекбулатова және Gulden Sapiolla. Қазір тек бір рет емес, күнде дауыс беруге болады.
Алғашқы айналымнан топ жарып шыққандар арасындағы бәйге қорытындысы 26 маусымда шығады.

   Баршаңызды жерлестеріңізді қолдауға шақырамыз!

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале