14.06.2016, 11:55
Оқылды: 38

ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

????????????????????????????????????

   «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы бойынша зеленовтық ағайындар ауданымыздың Жалпақтал ауылында болды.

   Жалпақтал ауылында болған Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов аз қамтылған көп балалы Гауһар Нұрмұханбеттің, Эльмира Тұрманованың, мүмкіндігі шектеулі жандар Венера Рамазанованың, Қанатқали Машировтың, тыл ардагері Дариға Мырзағалиеваның шаңырақтарында болып, азық-түлікпен қамтыды.


   Шаңырақтарында болған кездесуде Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Тұрсынұлы отбасыларына амандық, береке-бірлік тіледі.

    Тыл ардагері Дариға әжей осындай қамқорлықтары үшін зеленовтықтарға аналық жүрегімен алғысын айтып, ақ батасы берді.

www.zhaikpress.kz
Тұрарбек АҚМУРЗИН
Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале