8.09.2015, 20:01
Оқылды: 23

Қамыс-самар елінің шаруалары лизингке ауылшаруашылығы техникасын алуда

Janakala tehnika   Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласын техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Қажетті техника сатып алу – әрбір шаруаның арманы. Дегенмен, оны қолма-қол ақшаға сатып алуға екінің бірінің шамасы жете бермейді. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында ауылшаруашылығы саласына мемлекеттік қолдауға ерекше мән беріліп келеді. Үкімет тарапынан көптеген бағдарламалар қабылданып, 2020 жылға қарай ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4-5 есе арттыру көзделген.

Бұл мүмкіндікті жаңақалалық шаруалар да пайданып қалуда. Аудан шаруалары өткен жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингке және қолма-қол 102 техника сатып алса, 2015 жылы 29 ауылшаруашылық техникасын сатып алынған. Атап айтқанда «Дулат» ШҚ - 1дана МТЗ 82, 1 дана рулон прес, 1дана косилька, «Бірлік мал зауыты» ЖШС - 2дана МТЗ 82, 1дана КУН, «Боранбай» ШҚ - 1дана МТЗ 82, рулон прес - 1дана, «Өтепқали» 1 дана рулон прес сатып алған.

Биыл тоғыз айдың өзінде ауылдық округ шаруалары лизингке ауылшаруашылығы техникасын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттарын рәсімдеуде.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале