8.01.2016, 15:39
Оқылды: 25

Қамқорлықты ел сезіп отыр

Janakala kamkorlik   Ел Президентінің биылғы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты аһуалда: өсу, реформалар, даму" атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға арналған аудандық іс шаралар жоспарына сәйкес Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдинов бастаған ақпараттық түсіндіру тобы Жаңақазан ауылдық округ тұрғындарымен арнайы жиын өткізді.


         Жиында аудан әкімі биылғы Елбасы Жолдауының ерекшелігі мен маңызын, одан туындаған міндеттер, оны жүзеге асыру жауапкершілігін әңгімелеп берді.

         Биылғы қаңтардан "бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын орындаудың пракикалық кезеңі басталғанын да жұртшылық назарына берді.

         Әкім әңгімесінен кейін М.Жүнісов атындағы ЖББОМ мұғалімі Ғ.Өтегенова, округтегі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы И.Әлекешов сөз алып, Жолдауға қатысты пікірлерін білдірді.

         -Қазіргідей әлем бойынша орын алған қиын жағдайға қарамастан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту шараларының алынуы біздің ертеңге деген сенімімізді нығайта түсті,-деді Ғ.Өтегенова.

         Ал И.Әлекешов елдегі тыныштықты үлкен бақытқа санайтынын, оның Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты нәтижесінде келгенін, жаңақазандықтар маңызы зор Жолдауды қолдайтынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Ө.АҚБАСОВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале