12.09.2015, 10:07
Оқылды: 20

Қанжығада «Бас жүлде»!

Taskala bas jylde kazak handigina   9 қыркүйек күні Семей қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына  арналған «Туады ерлер ел үшін...» атты қазақ батырлық эпосы жыршыларының І республикалық байқауы өтті.

Аталмыш сайысқа 14 облыстан үміткерлер қатысып, бақ сынады. Олардың арасында біздің ауданнан «Сәулет» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Жасмина Жақсылықова да бар. Ол аталмыш байқауда  «Алатаудай айбатың, ер екенсің айтулы»  бөлімі  бойынша бақ сынады. Байқау барысында  қазақ батырларының жырларына қатысты сұрақтарға тез жауап беріп,  «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» және «Қамбар батыр» жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері, аталған эпостарды жырлаған белгілі жыршы, жыраулар мен әдебиет теориясы тағы басқа мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, жақсы нәтиже көрсетті. Ол осыған дейін  облыста өткен сайыста жүлдегер атанған болатын. Осы жолы да Жасмина 14 облыстың арасынан оқ бойы оза шауып, «Бас жүлдені» қанжығасына байлады. Оқушының дарынын танып, оны даярлаған жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Айғаным Бекентаеваның да үлесі зор.

Аудан, қалаберді облыс атын республика көлеміне танытқан Жасминаға жүлде құтты болсын дейміз. Әлі де, алар асуың көп болғай деген тілек айтамыз.

www.zhaikpress.kz

Н.Жәрдемова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале