24.11.2015, 19:14
Оқылды: 21

Қанжығада күміс жүлде

Janakala dziudo  Жапон халқының ұлттық спорты саналатын Дзюдо күресінен 1996-1998 жылы туылған ерлер және 1999-2000 жылы туылған қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа әр ауданның үкілі үміттері мен сондай-ақ Орал қаласынан 150-ге тарта жас палуандар қатысты.


Тартысқа толы болған бұл сында Жаңақаланың «Жас барысы» Ерасыл Ахметов бір палуанға ғана жол беріп, күміс жүлде иеленді. Бұл да екінің біріне бұйырмайтын бақ, үлкен мәртебе. Жарайсың, Ерасыл! Алар асуларың көп болсын дейміз!

www.zhaikpress.kz

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале