15.06.2015, 11:41
Оқылды: 26

Қан тапсыр – өзгеге өмір сыйла

JAnakala donorlik   Осындай атаумен  Жаңақала ауданы орталық ауруханасында қан тапсыру акциясы ұйымдастырылды. Бұл қан тапсыру акциясы облыс бойынша екі ауданда ғана ұйымдастырылған болса, оның бірі Бөрлі ауданы, екіншісі Жаңақала ауданы. Оған ауданымызда қанға мұқтаж адамдардың көптігі негіз болса керек.

Акцияның ашылу салтанатында  аудан тұрғындарын, қан тапсыруға келген донорларды аудан әкімінің орынбасары Б.Саматов, аудандық орталық аурухананың директоры С.Уразгалиев және облыстық қан орталығы директорының орынбасары Лидия Кенжебайқызы құттықтады. Біраз жылдардан бері бірнеше рет қан тапсырып, «құрметті донор» атанып жүрген қандастарымызға Алғысхаттар мен естелік сыйлықтарын табыстады. Өткен жылы ғана өз өміріне қан қажет болып, облыстық орталықтың көмегіне жүгінген Жангүл Жұмасалихова көпшілік алдында донор болған ауылдастары мен орталық қызметкерлеріне зор ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Дүниежүзілік донорлар күні қарсаңындағы бұл шараға мәдени демалыс орталығының қызметкерлері де шет қалмай, жиналғандар алдында өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің көңілін көтеруге атсалысты.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале