14.07.2016, 16:56
Оқылды: 24

Қаражаттың нысаналы және тиімді пайдаланылуы туралы бақылау жүргізген комиссия есебі қаралды

????????????????????????????????????

  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - «Нұр Отан» партиясы фракциясының  жетекшісі Нұржан Дүзбатыровтың төрағалығымен аталмыш партияның фракция отырысы өтті.

  Фракция жетекшісі  фракцияның  кезекті жиналысында көрсетілген кезең ішінде қаралған мәселелер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпар берді.


  Жиналыстың күн тәртібі бойынша фракцияның екінші тоқсанда атқарылған жұмыстары жөнінде, «Нұрлы жол» бағдарламасынан бөлінетін қаражаттың нысаналы және тиімді пайдаланылуы туралы бақылау  жүргізген комиссия есебі қаралды.

  Сонымен қатар, басқосуда фракция мәселесінің атқарылған  жұмыстары бойынша депутаттардың есептері тыңдалып, бастауыш партия ұйымдары, сайлаушылармен  кездесулер және қоғамдық қабылдаулар барысы сөз болды. Сондай-ақ партияның сайлаудағы тұғырнамасын іске асырудың бағыттары бойынша партиялық тәлімгер есептік баяндама жасады.

  Фракция отырысында сөз алған аудандық  мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов жергілікті жердегі қолданыстағы заңдардың орындалуына тұрақты мониторингті жүзеге асыру және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар хақында сөз етті.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі Мәмет

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале