23.09.2015, 12:20
Оқылды: 41

Қараобаның екі тұрғыны киік аулап ұсталды

Kaztalov kyik aulap ystaldi    Қазталов ауданында киік аулау тыйылмай тұр. Қазталов ішкі істер бөлімінің тергеушісі Дәулет Ғабдуллиннің айтуы бойынша, ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында  Қараоба ауылдық округінің тұрғындары 2 адам ауылдың оңтүстік бағыты шамасында киіктің 1 аналығын атып қолға түскен.

Қазіргі уақытта жоғарыда келтірілген адамдар үстінен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 337 бабы 4 бөлімінің 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүруде. Мемілекетке 150 айлық есептік көрсеткіш 297300 теңге көлемінде шығын келтірген.

Тергеу ісі жүруіне байланысты адам аттары және аутокөлік маркасы туралы мәлімет берілмеді. Толық ақпаратты тергеу амалдары біткеннен кейін жариялайтын боламыз.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале