19.04.2016, 11:40
Оқылды: 19

Қараоба ауылынан 8 шақырым жерде екі адам бір бас аталық киік жануарын атып алғандығы анықталды

Kaztalov kyik     Жуырда Қараоба ауылынан 8 шақырым жерде ВАЗ аутокөлігімен екі адам бір бас аталық киік жануарын атып алғандығы анықталды. Терксеру барысында оқиға орнынан 12-ші калибрлі ИЖ 43 Е маркалы №9358083 мылтығы, 10 дана 12-ші калибрлі оқтар, 1 дана 12 калибрлі гилза, 1 дана оқсауыт, 1 дана киіктің төшкесі табылды.


     Аудандық прокуратураның бізге берген анықтамасында осы заңсыз киік атушының біреуі мемқызметте жұмыс жасаған. Бірақ бір қызығы бұл "мемқызметші" 1 сәуір күні жұмыстан өз еркімен арыз беріп босаған көрінеді. Мынандай сұрақ туындайды. Әлгі "мемқызметші" мемлекеттік қызметін тастап, қызметке кірердегі антын аяқ асты етіп, он күн өтпей жатып өзі қызмет жасаған мемлекетке, быйлайша айтқанда туған еліне қарсы әркетке баруын қалай түсінеміз? Осындай мемқызметкерлер Елбасы айтқандай, -мемқызметкерлер шынының ішіндегі зат сияқты халық алдында жарқырап көрініп тұрады. Сондықтан олар таза болу керек, -деген талабына қарама-қайшы келіп тұрған жоқ па? Сондықтан "Қызыл кітапқа" енген жануарларды аяусыз құлқыны үшін қырып жатқандарды аямайтын уақыт жетті.

www.zhaikpress.kz

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале