17.06.2015, 22:08
Оқылды: 22

Қаратөбеге бассейн салынбақ

Karatobe bassein salinbak  Қаратөбе ауданында халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз. Соның бірі халықтың арманына айналған аудан орталығында суға жүзу бассейнін салу болатын. Елбасы тапсырмасына сай Қазақстандықтардың 30 пайызға жуығын бұқаралық спортпен қамту және бұқаралық спортты дамыту, халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында аудан орталығы Қаратөбе ауылында суға жүзу бассейнін салу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындауға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы тендер ойнатылып, жеңімпаз боп танылған Қарағанды қаласынан «Қарағанды Строй Комплект» ЖШС-гі өз жұмыстарын бастады. Жоба құны - 5686694 (бес миллион алты жүз сексен алты мың алты жүз тоқсан төрт мың) теңге. Төрт жолақты 25 метрлік  бассейн аудан орталықтарына оңтайландырылған, жобалық құны қомақты қаражатты талап етпейтін, дегенмен стандартқа сай болмақ және  ұстап тұру үшін де жергілікті қасиетті бал татыған Қаратөбенің суы мен құмын пайдалануымен ерекшеленбек. Жобалық құжаттар дайындалып, қаражаты шешілсе 400 адам жүйелі спортпен айналысуға мүмкіндік алмақ.

www.zhaikpress.kz

Нұрлан МЕҢДЕШОВ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале