8.02.2016, 18:36
Оқылды: 24

Қаратөбедегі игілікті істер жалғасын таппақ

????????????????????????????????????

  Аптаның алғашқы күнінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қаратөбе ауданына іссапармен келді. Бұл күні аудан әкімі Асхат Шахаров өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстарды саралап, алда тұрған маңызды міндеттерді нақтылап, тұрғындар алдында есеп берді.


Қаратөбе - елді мекендер тұрғындарын «көгілдір отынмен» 100 пайыз қамтамасыз етіп отырған облыстағы бірден-бір аудан. Бұл туралы 8 ақпан күні аудан әкімі Асхат Шахаровтың есептік кездесуіне қатысқан облыс басшысы Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

   Ауданға жұмыс сапары барысында облыс әкімі өткен жылы пайдалануға берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешені және ауыз су шығаратын өндірістік цехтың жұмысымен танысты. Кәсіпкер Сержан Ашығалиев «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы сәйкес 11 млн. теңге несие алып, іске қосқан аталмыш цех сағатына 300 құты, жылына 73,6 тонна немесе 3,195 млн. теңгенің өнімін шығара алады. «ДЕМ» сауда белгісімен шығарылатын өнім қазіргі кезде тек аудан ғана емес, Орал қаласымен қатар көршілес облыстарға да жөнелтілуде. Алдағы уақытта «Лимонад», «Тархун» сынды сусын түрлерін шығару ойластырылуда.

   Аудан басшысы Асхат Шахаровтың айтуынша, жоғары қысымды газ құбыры жүргізілген Жусандыой, Қарақамыс және Қоржын ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды газдандыруға облыстық бюджеттен 95 млн. теңге, жергілікті қазынадан 16,5 млн. астам теңге, барлығы 111,5 млн. астам теңге қаралып, аталған жобалар іске қосылды. Қазіргі кезде аудан орталығы Қаратөбе ауылындағы жүзу бассейнінің жобалық-сметалық құжаттары, «Қаратөбе ауылының (Шөптікөл ауылын қоса) бас жоспары және жайластыру жобасын жасақтау» жобасы жұмыстары жасалып, сараптамаға тапсырылды.

   Ауданда 22 елді мекен болса, соның 10-ы оқшауланған су құбырлары арқылы таза ауыз сумен қамтылған. Бұл - аудан халқының 78,1 пайызы. 10 елді мекеннің тұрғындары (14,3 пайыз) жерасты суларын пайдаланса, екі ауылға (7,6 пайыз) ауыз су тасымалданады. Өткен жылы жеті су құбыры жүйесіне мемлекет тарапынан 32,6 млн. астам теңге демеуқаржы төленді.

   Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев өз сөзінде Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту басты міндет екендігін жеткізді. «Көгілдір отыннан» Қаратөбе ауданы тапшылық көрмейтін болса, Тышқантайдың тұщы суымен де мақтана алады. Оның дәмін облыс орталығының халқы да татып отыр.

 www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале