17.08.2015, 12:18
Оқылды: 46

Қаратөбедегі республикалық турнир мәреге жетті

доскалиев (1)Қаратөбе ауданында оздырылған Қазақ күресінен республиканың тұңғыш абсолюттік чемпионы Еңсеп Досқалиев атындағы мәреге жетті.

 Турнирдің бас төрешісі Ибат Ерішевтің айтуынша, байрақты бәсекеге еліміздің түпкір-түпкірінен 100-ден астам палуан қатысуға тілек білдіріп, боз кілемде бақ сынады.

Палуандар 8 салмақ дәрежесі бойынша, оның сыртында турнирдің ақтық сынында 22 палуан «түйе палуандыққа» бақ сынауға тілек білдірді. Алайда «әр жерде жүйрік бар шығар, әліне қарай шабатын...» демекші, финалдық белдесуге 4 палуан ғана шықты.

Финалдық белдесуде боз кілемге қатарласа шыққан шығысқазақстандық қос палуан Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов өзара белдесіп, нәтижесінде Айбек палуан басымдық танытты.

доскалиев (2)Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша жүлделі ІІІ орынды Арман Қалиев (Атырау облысы), ІІ орынды бар қазаққа танымал «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов (Шығыс Қазақстан облысы) еншіледі.

Ал турнир жүлдесіне тігілген темір тұлпарды «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы, шашасына шаң жұқтырмас шығысқазақстандық палуан Айбек Нұғымаров қанжығасына байлап, «түйе палуан» атанды.

Жеңімпаз-жүлдегерлерді Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров марапаттады.

Сонымен қатар турнирдің жабылу салтанатында әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша жүлдегер атанға палуандарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Негізінен алғанда, финалдық кезеңде 55 келі салмақ дәрежесі бойынша сырымдық Ержан Шүкіров, 60 келі салмақта атыраулық Роман Майлашов, 66 келідеАтырау облысының намысын қорғаған Дархан Сауғабаев, 74 келі салмақта қызылордалық Ғалымжан Абдрахманов,  82 келіде атыраулық Табиғат Мағауияұлы, 90 келіде ақтөбелік Еламан Қойшыбаев, 100 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысының тумасыНұрым Сәлімгереев, + 100 келіден жоғары салмақта қызылордалық Марат Баймаханов жеңімпаз атанды.

доскалиевДаңқты палуан Еңсеп Досқалиевтің немересі Айдар Досқалиев жарысқа қатысушы жекелеген палуандарға әр түрлі аталымдар бойынша сыйлықтар табыстады.

Республикалық турнирге БҚО бойынша «Қазақ күресі» федерациясының президенті Қаймен Есендияров, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет, 2012 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері, Қазақ күресінің үш дүрін Азия чемпионы, әлем чемпионы Шалқар Жоламанов, Еңсеп бабаның бір топ ұрпақтары қатысып, игі тілектерін жеткізді.

 www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале