7.07.2015, 15:44
Оқылды: 33

Қаратөбеде Астана күні аталып өтілді

Karatobe Astana   Қаратөбе ауданының орталық алаңында еліміздің жауһарына айналған елордамыз Астана күніне арналған «Астана – бақыт мекені» атты мерекелік концерт өтті.

Барша аудан халқын Астана күні мерекесімен құттықтауға сахна төріне көтерілген аудан әкімі Асхат Шахаров ақ тілегін жеткізді.

Содан кейін аудан басшысы Астана күніне орай ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар сала үздіктерін алғыс хатпен марапаттады.  Олардың қатарында аудандық орталық ауруханада рентгенолог қызметін абыроймен атқарып, халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан Серік Дәржанұлы, аудандық «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Берікқалиева, ұзақ жылдар бойы ауданымыздың коммуналдық-шаруашылық мекемесінде дәнекерлеуші қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Қайыржан Бақтығалиұлы, Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі Ағилаш Ізбасарқызы бар.

Бар қазақтың мақтанышына айналған Астананың мерейлі мерекесінде аудан өнерпаздары әсем ән, тәтті күйді төгілтіп, жиналғандарды шаттыққа бөледі.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале