13.06.2016, 11:02
Оқылды: 19

Қаратөбеде ауызашар берілді

????????????????????????????????????

  Қаратөбе аудандық мешіттің ауласында арнайы киіз үй тігіліп, Рамазан айында ораза тұтқан жандарға аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы ауызашар берді.

    Ораза ұстаған жамағат үшін жайылған дастарқанға ауыл тұрғындары, жастар көптеп жиналды.


  Аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев Рамазан айында ораза ұстаған адамға ауызашар берудің сауабы турасында уағыз айтты.

  Ауызашарда Рамазан айының берекесі мен қадір-қасиеті жайында, имандылық пен ізгілік турасында әңгіме өрбіді.

  Ауызашарға жиналған жамағат елдің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасады.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале