30.05.2015, 12:02
Оқылды: 34

Қаратөбеде ақтаңдақта атылған азаматтарды еске алды

Karatobe kugin syrgin31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  «Қаратөбе сиезі» өткен тарихи орында ұйымдастырылған тағзым шарасы «Ел тарихы тартқан тауқымет – ұмытылмас қасірет» деп аталды. 

Тағзым ету шарасына жиналған ағайын алдымен зобалаң жылдары жазықсыз жапа шеккен ұлт зиялыларын 1 минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Ел алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров қилы кезеңнің тарихи маңыздылығына тоқталып, ел тұтастығын қалыптастыруда жазықсыз жапа шеккен ұлт зиялылары еңбегінің зор екендігін айрықша атап өтті.

Ата-баба рухына тағзым ету шарасына қатысушылардың арасында Қаратөбе өңірінде дүниеге келген алғашқы журналистердің бірі, жазықсыз жапа шеккен ұлт зиялысы Медеш Оралдиевтің қызы, сексеннің сеңгіріне шыққан Медешова Роза әжеміз де болды.

Шара ұйымдастырушыларына аналық алғысын жеткізген кейуана:

- Әкем өте сауатты, арабша хат танитын, ақынжанды адам болатын. Алғаш Жымпитыда, одан соң Оралда газетте жұмыс жасады. Алматыда, Семейдің Абыралысында, Қарағандының Қарқаралысында газет шығару ісіне белсене араласқанын сәби болсам да білетінмін. Алматыда жүргенде әкемнің жинаған құжаттары, өлеңдері мен мақалалары ұрланып кетті деп естігенмін шешемнен. Мұрасының жоғалуы өзегімізді өртейді.

Бір күні әкем Қарағандыға жиналысқа кетіп, содан келмей қалды. Бұл 1937 жыл болса керек. Әкем «халық жауы» болып ұсталып кеткен соң, апыл-ғұпыл бір түнде жиналып, елге көшіп кеттік. Сонда бізге жәрдемдескен жалғыз адам – сол НКВД-ның қызметкері болатын. Өздігімізден көшуге қауқар жоқ, ол кезде. Қалыңдығының сөзін жерге қалдырғысы келмеді ме, әлде шырылдаған бізді аяды ма, үлкен көмек жасағанын әлі күнге дейін ұмыта алар емеспін, - деп әкесін сағынышпен еске алды.

Шара аясында Мұхит атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайының көшпелі бұрышы жасақталынып, жиналғандарға ақтаңдақта атылған азаматтар жөнінде терең мағлұмат берілді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале