18.11.2015, 19:43
Оқылды: 18

Қаратөбеде жастармен кеңес өтті

Karatobe jastarmen kenes  Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандарының жұмысы тыңдалды.

Аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың төрағалығымен өткен отырыста ауылдық округтердегі жастармен жүргізілген жұмыс жөніндегі арнайы мамандар хабарлама жасады.

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары Әмірхан Сисенғали (Қаратөбе), Дулат Татешов (Жусандыой), Мадияр Құттыбаев (Қаракөл), Марданбек Асылбекұлы (Егіндікөл), Бекет Мерболатұлы (Аққозы), Мейрамгүл Бектұрсынова (Саралжын) ағымдағы жылдың 10 айы ішінде атқарылған жұмыстарды баяндап, қойылған сауалдарға жауап қайтарды.


Отырысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Ержанұлы маңызды мерекелерге байланысты іс-шараларды жаңа форматта өткізу, жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, жастарға психологиялық кеңес беру мақсатында сенім телефондарын орнату, жас кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру қажеттілігін баса айтты.

Шараға психолог-кеңесші Гүлзира Есқайырова, заңгер-кеңесші Сандуғаш Бұзаубағарова қатысып, өзіндік ойларын ортаға салды.

 

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале