30.11.2015, 20:14
Оқылды: 24

Қаратөбеде мемлекеттік мереке күніне арналған салтанатты жиналыс концерттік бағдарламаға ұласты

Karatobe joldau   Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбына арналған  Жолдауын теледидардан тыңдаған қаратөбелік жұртшылық 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, мәдени демалыс орталығы көркемөнерпаздары ұйымдастырған мерекелік концертті тамашалады.


 

Ел үшін маңызы зор айтулы мерекеге арналған салтанатты жиналыста аудан әкімі Асхат Шахаров,  аудан ардагері Махсот Ермеғали құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының елі үшін атқарған елеулі еңбектерін айтып,  Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында айтылған мәселелерге орай өз пікірлерін жеткізді.

Айырықша маңызға ие мемлекеттік мереке күніне арналған салтанатты жиналыс аудандық мәдени демалыс орталығы өнерпаздарының «Бабалардың аманатын арқалаған – Елбасы» атты мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

Теректілік әнші Кәмшат Ғалымова мен Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған оралдық әнші Күлаш Қуанышқалиеваның ән орындаушылық шеберлігі қаратөбеліктердің  көңілнен шықты.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале