8.07.2015, 10:40
Оқылды: 30

Қаратөбеде мереке қарсаңында модельді кітапхана ашылды

Karatobe mobildi kitaphana     Астана күні мерекесі қарсаңында Қаратөбе ауданына қарасты Жусандыой ауылдық округінде модельді кітапхана ашылды. Айшықты мерекеге орай ашылған модельді кітапхананың салтанатты ашылуына аудан әкімі Асхат Шахаров арнайы қатысты.

Ауыл халқын Астана күні мерекесі қарсаңындағы қуаныштарымен құттықтаған аудан әкімі Асхат Шахаров модельді кітапхана ауыл оқырмандарының сұранысына қызмет етіп, жаңа жүйеде жұмыс жасауларына тілектестігін жеткізді.

Модельді кітапхананың ашылу салтанатының лента қию рәсімін аудан әкімі Асхат Шахаров пен ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Болатжан Бекмағамбетов жүргізді.

Модельді кітапхана ішіне енген барша қонақтар мен кітапханашылар Ақжайық ауданындағы әріптестерімен ғаламтор жүйесі арқылы тілдесіп, құттықтауларын тыңдады.

Аталмыш шара барысында  IТ-отау жұмыс жасады, Астана күні мерекесіне орай жасақталған «Ұлы дала астаналары» атты видео круиз тамашаланды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале