6.06.2016, 15:55
Оқылды: 50

Қаратөбеде шахмат пен дойбыдан жарыс өтті

 karatobe shahmat    Маусым айының 4-і күні  «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған  шахмат және дойбы ойындарынан жарыс өтті.


  Сайыс қорытындысына сай  шахматтан Демегенұлы Дастан І жүлделі  орынды жеңіп алса, ІІ-ІІІ орындар  Еркінұлы Шерхан мен  Ерболат Ержанға бұйырды. Жақсы ойын өрнегін көрсеткен  Айбек Мақсотов  «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен марапатталды.

    Ал дойбыдан ойыншылар арасынан топ жарған  Айбек Мақсотов І орынды иеленіп жеңімпаз атанса, ІІ-ІІІ орындарды  Ахметші  Нару  мен  Хамидолла Ермұрат еншіледі.

   Жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ
Ерболат РАЙСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале