16.06.2015, 15:08
Оқылды: 46

Қаратөбеде Шәмші әндері шырқалды

Karatobe Shamshi anderi Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» аудандық ән фестивалінің куәгері болған қаратөбеліктер сахна төріне шыққан әр қатысушыны үлкен ықыласпен қарсы алып отырды.

Бар қазақтың көңілінде ұялаған «Ана туралы жыр», «Әнім сен едің», «Теріскей», «Кешікпей келем деп ең», «Отырардағы той», т.б. әсем әндер талғамы жоғары көрерменді ерекше әсерге бөледі.

Сарқырап аққан тау бұлағындай ел мерейін қандырған, әннен сарай салдырған тамаша талант иесі, ғажайып әндер жетегінде барша жасты махаббат бесігінде тербеткен Шәмші әндері байқауының жұлдызы жарқыраған күн көрермен атаулыға жеңімпаз-жүлдегерлер есімін де жария етті.

Қазыл алқасының ұйғарымымен Сымбат Өткелбаева ІІІ орын (Егіндікөл ауылдық округі), Абай Маратұлы ІІ орын (Шөптікөл ауылы), Рысбек Жұмабаев І орын (Саралжын ауылдық округі) тұғырынан көрінді.

Ал, фестивальдің бас жүлдесі және облыстық кезеңге жолдама аудан аумағына танымал әнші Рүстем Ақташевқа табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале