22.06.2015, 17:44
Оқылды: 91

Қаратөбеде шөп шабу науқаны басталды

Karatobe shopp   «Қыстың қамын жазда ойла» деген қазақ мәтелі бекерге айтылмаса керек. Қаратөбе ауданында шөп шабу науқаны басталып та кетті. Ауданда алғашқылардың бірі болып Жусандыой ауылдық округінің пішеншілері  шабындыққа орақ салды.

Жусандыой ауылдық округінің шаруа қожалықтары былтырғыға қарағанда шөп шабу науқанын ерте бастап отыр. Оған себеп шөптің шүйгіндігі, ылғалдың мол болуы. Округ бойынша 26 шаруа қожалығы болса, соның жетеуі науқандық жұмысқа кірісіп кетті.

«Ақжол» шаруа қожалығының жетекшісі Қосыбай Бақытжанов науқандық жұмысқа екі жүмысшы тартыпты. Ал 12 маусым күні шөп шабуды бастаған «Думан» шаруа қожалығындағы бес ағайынды жігіт шөп шабу науқанын өз күштерімен игермекші. Науқандық жұмысқа төрт трактор, бір шөп буғыш, екі орақпен кіріскен ағайынды жігіттер қыстақтарына 300 бума шөп жеткізіп те үлгеріпті. Қыркүйек айына дейін 3000 бума шөп дайындауды жоспарлап отыр.

Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиевтың айтуынша округте былтыр қазан айына дейін 60 мың центнер шөп дайындалса, биыл сол межені қыркүйек айына дейін орындап, шөпті көктей орып аламыз деген ойда. Ауыл тұрғындарына сатылатын бір тіркеме шөтптің құны 14-15 мыңнан аспайды деп межелеп отыр.

Биылғы шөптің өнімділігі, шұрайлылығы науқандық жұмысты ерте аяқтауға мүмкіндік беретіндігіне сенім мол.

www.zhaikpress.kz

Серікбай  ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале