29.04.2016, 18:08
Оқылды: 34

Қаратөбеде ынтымақ мерекесі ұлықталды

????????????????????????????????????

     Бүгін Қаратөбе ауданының орталық алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем Қазақстан!» атты концерттік бағдарлмама оздырылды.


     Татулық пен бірлікті дәріптеген мерекенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров, неміс ұлтының өкілі Ирина Классен аудан тұрғындарын атаулы мейрамдарымен құттықтап, ынтымағы жарасқан ел тәуелсіздігінің баянды болуына тілектестіктерін жеткізді.

    Орталық алаңға жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлаған аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары түрлі ұлттардың әндерін шырқап, билерін биледі.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале