29.09.2016, 16:51
Оқылды: 21

Қаратөбеде «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өтті

%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%88-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d0%bc%d1%8b-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d0%b0%d1%83    «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқаудың аудандық кезеңі өтті.


«Нұр Отан» партиясы – қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш екені анық. Партияның  жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру БПҰ-дары арқылы жүзеге асырылады.

Сондықтан да аталмыш байқау бастауыш партия ұйымдарының  қызметін уәждемелеу  және олардың жұмысын жандандыру мақсатында өткізіліп келеді. Байқаудың  негізгі мақсаты аумақтардағы  үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтау, олардың жұмыс тәжірибесін насихаттау болып табылады.

         «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқаудың аудандық кезеңіне  Аққозы, Жусандыой, Саралжын, Қоскөл, Елешов  бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары бағаланды.

Партиялық жобаларды іске асыру, ұйымдағы қызметтің БАҚ-та жариялануы, мүшелік жарналардың жиналуы, халықтың көкейкесті мәселелерін шешу жолындағы жұмыстары және басқа да партиялық жұмыстарға сараптама жасалды.

Байқау нәтижесінде  комиссия шешімімен 100-ден жоғары партия мүшесі бар Жусандыой бастауыш партия ұйымы (төрағасы Талап Қазиев) және 100-ге жуық партия мүшесі бар Р.Елешов бастауыш партия ұйымы (төрағасы Бейбіт Аманғалиев) аудандық байқауда жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале