15.07.2015, 17:41
Оқылды: 21

Қаратөбеде «Әрбір үйге қауіпсіз бау-бақша өнімдері» акциясы өтті

Karatobe baksha onimderi  Қаратөбе ауданында  аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы және сараптама орталығы бірлесіп, «Әрбір үйге қауіпсіз бау-бақша өнімдері» акциясын өткізді.                  Аталмыш акцияда аудандағы сауда орындарында сатылатын  бау-бақша өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына, соның ішінде құрамындағы нитраттарға бақылау жүргізілді. Мамандардың бақылауы барысында тұтынушылар өз тауарларын тексертіп алды. Тексерілген  қарбыз, қауын, қызанақ, қияр, бұрыш сынды бақша өнімдерінен нитраттың рұқсат етілген мөлшер деңгейінен жоғарылығы анықталмады.

Аталған шаралар  тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізілуде. Тұтынушы құқығын білсе, өзін қорғай алады. Бұл тауар өндірушілер мен саудалаушыларды сапалы және қауіпсіз тағамдар ұсынуға ынталандырады. Сонымен қатар сапалы қызмет көрсетуге алып келеді.

Акция барысында тұтынушылардың өтініштеріне арналған жәшік «Ербол» дүкеніне орнатылып, түсіндірме материалдары бар  буклеттер таратылды.

Аталған шара Қаратөбе ауданында бұдан әрі жалғасын таба бермек.

  www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале