18.05.2016, 18:12
Оқылды: 23

Қаратөбеліктер ашық диктант жазды

????????????????????????????????????

  Бүгін Қаратөбе ауданында кітапханалар мен мектептерде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау негізінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.


    Ашық диктанттың мақсат-міндеттері мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлықты арттырып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, қазақстандықтардың бойына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын сіңіру, мемлекеттік тілді білу арқылы этностық топтардың қоғамдық белсенділігін арттыру, барлық қатысушыларға өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге мүмкіндік беру, қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аударту болып табылады.

  Ашық диктантқа аудан мекемелері қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, ниет білдіруші барлық тұрғындар қатысты.

   - Ашық диктант өткізу шарасы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды көздеп отыр, - дейді акцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов.

  Акцияның ұйымдастырылуына аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық білім беру бөлімдері басшылығы ат салысты.

    Айта кету керек, диктант мәтіндерін тіл мамандары, кітапханашы-мамандар оқыды.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале