29.04.2016, 18:03
Оқылды: 25

Қаратөбеліктер велошеруге қатысты

????????????????????????????????????

     Бүгін Қаратөбе ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған велошеруге аудан әкімі Асхат Шахаров, мекеме басшылары, Қаратөбе колледж студенттері, оқушылар қатысып, аудан көшелері бойымен ҚР-ның мемлекеттік Туын салтантты түрде алып өтті.


     Велошерудің мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, достық пен татулықты нығайта түсу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсат-міндеттерін көздеді.

     - Велошеруге қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Мен айтулы мереке қарсаңында еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, аудан орталығы көшелерімен жүріп өттім.

     Кең байтақ Отанымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық қарым-қатынас мені де қуанатады. Ел абыройы асқақтап, даңқы арта берсін! - дейді велошеруге қатысушы Бөгембай Қайыпқалиев.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале