8.01.2016, 16:41
Оқылды: 12

Қаратөбеліктер Елбасы мақаласын талқылады

 Karatobe joldau  Қаратөбе ауданында «Нұр Отан»  партиясы аудандық филалының мәжіліс залында  аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың төрағалығымен 2016 жылдың 6 қаңтарында жарияланған  мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талқылау мақсатында аудан орталығындағы үкіметтік емес ұйымдар, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

   Кіріспе сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов  Елбасы мақаласының негізгі басты бағыттарына тоқтала келе,  ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғандығын, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру,  мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енгендігі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, елімізде, ауданымызда атқарылатын ауқымды істерді атқаруда Елбасы тапсырмаларын басшылыққа алу басты міндетіміз екендігін жеткізді. Жиынға қатысушылар осы мақаланы оқығаннан кейінгі ойларымен бөлісу барысында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов, аудандық мәслихат депутаты, «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директор-редакторы Нұрлан Меңдешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев, орынбасары Еркінбек Жәнібековтер сөз сөйлеп,мақаланың оқырманға ой салар тұстары, сонымен қатар әрбір қазақстандық үшін, еліміз үшін  маңызы ерекше екендігіне тоқаталды. Дөңгелек үстел басына жиналғандар Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейту жолындағы, Ұлт жоспарын орындаудағы барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, әлемнің 30 дамыған мемлекеттернің қатарынан орын алуға толық негіз болатындығына бек сенетіндіктерін жеткізіп, болашаққа деген үлкен сеніммен тарқасты.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале