11.05.2016, 13:04
Оқылды: 31

Қаратөбеліктер «Мәңгілік алау» мемориалдық ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

????????????????????????????????????

     Таңмен орталық алаңға жиналған қаратөбеліктер сап түзеп, орталық саябақта орналасқан «Мәңгілік алау» мемориалдық ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.


     Мерекелік шеруге аудан әкімі Асхат Шахаров, Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер Құрманғали Ысқақов, оның ұрпақтары, ауданның мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, жастар белсенділері қатысты.

     «Мәңгілік алау» мемориалдық ескерткіші басындағы салтанатты жиынды Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев жүргізді.

     Шеру соңында қаратөбелік ағайын ардагер Құрманғали Ысқақовты ортаға алып, естелікке суретке түсті.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале