7.07.2016, 18:23
Оқылды: 22

Қаратөбеліктер топ жарды

????????????????????????????????????

   Шілденің 5-і күні «Жастар» алаңында ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай және Олимпиада қатысушыларына қолдау көрсету мақсатында қол күресінен жасөспірім ұлдар (1999 ж. т. және одан кіші) мен қыздар (2000 ж. т. және одан кіші) арасында Тасқала ауданының ашық біріншілігі өтті.


         Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мэлс Нәріков құттықтау сөз сөйлеп, жас балғындарға сәттілік тіледі. Ашық біріншілікке Орал қаласы, Бөрлі, Қаратөбе аудандары және ауданымыздың Шежін, Тасқала, Достық ауылдық округтерінің командалары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында бірінші орынға Дияс Октябрь (30 кг, Қаратөбе), Диас Жұмағали (35 кг, Қаратөбе), Аманбек Дәулетқалиев (40 кг, ІІ Шежін), Ержан Ерболат (45 кг, Қаратөбе), Аян Сағындық (50 кг, Қаратөбе), Мақсат Мырзағалиев (55 кг, Орал), Тимур Нұрмахан (60 кг, Орал), Алемхан Насибулин (65 кг, ІІ Шежін), Руханият Ертайұлы (70 кг, Қаратөбе), Рахат Қабылов (75 кг, Орал) және Сүйесін Құмаровтар (+75 кг, Қаратөбе) ие болды. Ал, қыздар арасында оралдық Айма Айтқали (30 кг), Даяна Жұмағалиева (40 кг), Асия Аймурзиева (50 кг), Арайлым Қанатова (+65 кг), қаратөбелік Асылбибі Идемова (35 кг), шежіндік Айгерім Каримова (45 кг) мен Алмагүл Жұмағалиева (65 кг)  және достықтық Анастасия Федотовалар жеңімпаз атанды.

         Шара соңында барлық жеңімпаздарға диплом мен медальдар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале