4.05.2016, 10:17
Оқылды: 39

Қаратөбелік би ансамблі бас жүлдені иеленді

Karatobe Aktobe     ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе облысының Қобда ауданында «Ғажайып балалық» атты облыстық балалар би байқауына қатысқан Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы «Інжу» би ансамблі бас жүлдені иеленіп қайтты.


     Аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрген ансамбль көптеген асуларды бағындырып келеді.

     Қобда ауданында өткен өнер фестиваліне қатысқан өнерпаздарға төрелік еткен әділқазылар алқасы да осал болмапты.

     Байқауға қатысқан 10-ға жуық би ұжымының арасынан топ жарып, жоғары нәтижеге қол жеткізген «Інжу» би ансамблі «Қызғалдақ», «Веселые пчёлки» биін орындаған.

     Өнер сапарына орта және кіші топтарды дайындап, жетекшілік жасаған Қарашаш Сырымқызының еңбегін айта кеткен жөн.

www.zhaikpress.kz

        Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале