2.11.2016, 16:33
Оқылды: 32

Қаратөбелік жастарда – жаңа басшы

????????????????????????????????????

    «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының залында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы етіп Әселхан Тілекқайырқызын тағайындап, оны мекеме ұжымына таныстырды.


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 2015 жылғы 23 қарашасындағы № 414-V ҚРЗ 16 бабының 23 тармақшасында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №365 бұйрығына сәйкес өз өтініші негізінде 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысының міндетін уақытша атқару қызметіне Әселхан Тілекқайырқызы Мұхамбетші кірісті.

Жиында «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы қызметін осы кезге дейін атқарған Нұрхат Оңалбайұлы сөз алып, тағайындалған жаңа басшы қызметіне сәттілік тіледі.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале