1.07.2015, 21:18
Оқылды: 24

Қаратөбелік Сержан Ерлан (лақап аты Шотқара) І орынға қол жеткізіп, түйе палуан атанды

Karatobe kures  Қаратөбе ауданына облыс басшылығы атынан келген меймандар бастаған ағайын қазақ күресінен аймақтық ашық біріншіліктің финалдық кезеңін тамашалады.

Палуандар белдесуі қорытындысында ақтөбеліктер Нұржан Бекарыстанов (лақап аты Ақтөбе арланы) пен Көбеген Айдосұлы (лақап аты Көкбөрі) ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті. Ал, бұған дейін де самбо, дзюдо, қазақша күрес турнирлерінде топ жарып жүрген облыс жеңімпазы, қаратөбелік Сержан Ерлан (лақап аты Шотқара) І орынға қол жеткізіп, түйе палуан атанды. Түйе палуанды марапаттау салтанатын облыс әкімінің орынбасары А.Бадашев жүргізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале