28.04.2016, 17:40
Оқылды: 37

Қаратөбелік спортшылардың жеңісі

?

     Орал қаласында 1999 жылы туылған және одан кіші жасөспірім ұлдар және қыздар арасында қол күресінен Батыс Қазақстан облысының жеке командалық спартакиядасы оздырылды.


     Аталмыш дүбірлі додада қаратөбелік жас спортшылар  45 келі салмақ дәрежесіне сай  Раушангүл Мергенова ІІ-орынды,  50 келі салмақта  Айгерім Жакесова ІІІ-орынды, 70 келі салмақта  Әсем Оңғарова І орынды,  55 келі салмақта  Ғасырбек Төлеу  ІІ орынды, 60 келі салмақта  Руханият Ертайұлы І орынды  жеңіп алып, женіс тұғырынан көрінді.

     Облыстық спартакиада жеңімпаздары Әсем Оңғарова мен Руханият Ертайұлы ағымдағы жылдың шілде айында  Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале