28.04.2016, 10:35
Оқылды: 14

Қаратөбелік тұрғын арақ ішіп, көршісін балағаттаған...

Sot     Қаратөбе аудандық сотымен ауыл тұрғыны С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1-ші бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

     Іс материалдарына сай, құқық бұзушы С. арақ ішкен мас күйінде көршісі Р.-ның үйіне барып, үйінің есігін теуіп, балағаттап, айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, ұсақ бұзақылық жасаған.


      Сот отырысында құқықбұзушының кінәсі, өзінің және жәбірленушінің түсініктемелерімен, істегі құжаттармен толық дәлелін тапты.

     Қаратөбе аудандық сотымен құқық бұзушы С.- ға ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлайды сот залынан аудандық соттың бас маманы Самалгүл Жұмағалиева.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале