11.01.2016, 18:42
Оқылды: 19

Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХIХ сессиясы оздырылды

Karatobe policia01    Күн тәртібінде «Қаратөбе ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті                       полиция қызметінің бастығы лауазымына келісім беру туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Қадіржан Сүйеуғалиевтің хабарламасы тыңдалды.

     Сессияда алдымен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Сәбит Нұрмағанбетов жергілікті полиция қызметінің міндеттері туралы түсінік берді. Ал, №9 Сулыкөл сайлау округінен депутат Гүлмира Тілеуғалиева жергілікті полиция бастығының лауазымына ұсынылған Ерболат Бақтығалиұлы жөнінде сөз сөйлеп, өзіндік пікірін ортаға салды.


          Сессия жұмысы қорытындысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148, Қазақстан Республикасының 2014 жылы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» №199-V Заңдарына сай және Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №04-029.73 ұсынымы негізінде Қаратөбе аудандық мәслихатының шешіміне сай Қаратөбе аудандық жергілікті полиция бастығының лауазымына Қадыр Ерболат Бақтығалиұлы тағайындалды.

Karatobe polisia02

Сессия жұмысын қорытындылап сөз сөйлеген аудан басшысы Асхат Берлешұлы Елбасы саясатына байланысты жасалынып жатырған өзгерістердің халық мүддесіне қызмет ететіндігіне тоқталды.

Аудандық мәслихат депутаты Н.Оразов төрағалық еткен сессия жұмысына аудан әкімі А.Шахаров, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан прокуроры мен аудандық сот төрайымы, ауылдық округ әкімдері, аудан мекемелері мен бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы                                             

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале