20.05.2016, 18:28
Оқылды: 45

Қаратөбе аудандық сотында семинар сабақ өтті

Karatobe elektrondi    Қаратөбе аудандық сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбында семинар сабақ өтті. Семинар сабаққа кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Эльмира Әлденбаева және сот кеңсесі мамандары қатысты.


   Отырыста бас маман-сот отырысының хатшысы Серікжан Жаролла «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында баяндама оқып, атқару парақтарын жазу мерзімі мен тәртібі туралы түсіндірді. Сот  шешiмі дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшiне енгеннен кейiн Азаматтық процестік кодексте белгiленген тәртiппен орындауға жіберілетіні және соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып берілетінін атап өтті.

    Кезегінде сөз алған бас маман-сот отырысының хатшысы Самалгүл Жұмағалиева  мүлiкті тәркiлеу, мемлекет кiрiсiне өндiру, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залалды өндіру, алименттер өндіру, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылу салдарынан залал өндірілген жағдайда сот өз бастамасымен жазылып берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына орындауға жіберу қажеттігі турасында баяндама жасады.

   Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Эльмира Әлденбаева  барлық мамандарға электрондық атқару парақтарының жазу тәртібін түсіндірді.

   Семинар сабақ аясында аталған тақырыптың негізгі аспектілері мен күрделі мәселелері айтылып, оларды шешу жолдары талқыланды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале